
Бүгін ауданымызда Тілдерді оқыту орталығы мен Жастар орталығының ұйымдастыруымен балабақша мен шағын орталық тəрбиеленушілері арасында «Жыл ханшайымы-2019» байқауы болып өтті.
Аталмыш байқауға 9 қатысушы, 4 тур бойынша өнерлерін ортаға салды. Байқау нəтижесі бойынша «Жыл ханшайымы» номинациясымен Мұхтарбекқызы Нұрбибі (Жібек жолы ауылы), «Көрікті ханшайым» - Акишева Камила (Аршалы кенті), «Көрермен көзайымы» - Абдирова Амира (Волгодоновка ауылы), «Сəнқой ханшайым» -Ибраева Аруна (Аршалы кенті), «Өнерлі ханшайым»-Коволева Амина (Константиновка ауылы), «Əнші ханшайым» - Корнева Василина (аршалы кенті), «Ақылды ханшайым»-Уринбек Айзере(Ақбұлақ ауылы), «Нəзік ханшайым» - Əкім Айдина (Михайловка ауылы), «Сыңғыр дауысты ханшайым» - Ярулина Ульяна (Ижев ауылы) номинациялармен жəне бағалы сыйлықтарммен марапатталды.