Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Акмолинская область

Мектеп жасына дейiнгi балаларды ойын арқылы дамыту

Мектеп жасына дейiнгi балаларды ойын арқылы дамыту

Баланың алғашқы əрекеті ойын,сондықтан ойын адамның өмірге басардағы алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, əн салмай,өсер бала бола ма?» немесе Кеңес үкіметінің алғашқы жылдардағы (1920-30) көрнекті ағартушы, алғашқы мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың негізін қалаған педагог журналист Құлжанова Назипа«Балаға керегі ойын... Ойында бала көрген – білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Осы ұлы ойшылдар ойын арқылы оқыту, тілін дамыту, еңбекке баулу, денсаулықтарын нығайту керек деген ойға келген.

Сонымен мектепке дейінгі педагогиканың теориялық жəне практикалық мақсаты ол – жас ұрпақты жан – жақты тəрбиелеу, ой – өрісін, сана – сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету болып табылады. С ондықтан болашақ қайраткерді баулу алдымен ойын үстінде жүргізіледі. Ойынның барысында бала жан – жақты тәрбие алады, баланың табиғи әрекеті оларға көптеген мағлұмат береді. Балалық шақ – бұл қызықты ел. Бұл елде бәрі болады. Әлсіз, қорғаны жоқ та, мықты қайратты болады, іш пыстыратын және қызықты емес нәрселер көңілді және қызықты болып шығады. Балалар қиялдау арқылы түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой – қиялы, елестетуі шарықтайды.  Тәрбиелейтін және дамытатын ойындарды ұмытпаған жөн, бұл ойындар баланың өмірін сақтайды. Әдемі, ақылды, дені сау баланы көру, қасында болу біздің әрқайсымыздың арманымыз.

Бала өмірінің алғашқы алты – жеті жылы оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бұл кезде ақыл – ой қабілеті, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Баланың адам ретінде қалыптасуының осы жақтары қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек ойын процесінде тәрбиеленеді. Ойын – тәрбиелеудегі ең тізімді амалдардың бірі. «Балабақшада тәрбие беру программасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін, балалар қоғамының қалыптасуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Ойын – бұл жақсы тәрбиеші. Ойынның арқасында жан – жағын қоршаған ел балаға қостаушы болып табылады. Ең негізі мектеп жасына дейінгі бала белсенді, жігерлі,ой, түсінігі мол болу қажет. Мектепте ол жақсы оқиды егер өзінің тәртібін басқара білсе, бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса, осы сапалар болуы қажет. Бірінші мақсат әртүрлі ойын технологиясын аталған сапаларды баланың бойында дамытуымыз қажет. Ең тиімдісі ойын – сабақтар ұйымдастыруда балаға қызықты болуы керек. Ойын – тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез - құлық белгілері, адалдық мақсатқа же-уге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттері қалыптасады. Ойын түрлері – ережелі, рольдік, кешенді ойын жүйелері болып бөлінеді. Мектеп жасына дейiнгi балаларды ойын арқылы дамыту Оның ішінде дидак-тикалық, қимыл қозғалыс,сюжетті,сюжетсіз,үстел үсті, спорттық, ұлттық, әр түрлі сөздік, музыкалы – ритмитикалық, логикалық, ойын-жаттығу, эстафеталық т.б.ойындарды балаларды тәрбиелеуде қолданамыз. Ойындар түрі көп,бәрі маңызды бірақ солардың бірнешеуіне тоқталайық. Қимылды ойындар - балалардың дене қимылдарының (ептілік, шапшаңдылық, төзімділік) жетілдіруін кеңістікті бағдарлай білуін дамытатын жарыс элементтері бар спорттық ойындар, мазмұны алуан түрлі қимылды ойындарды кеңінен пайдалану қажет. Бірінші ойындар арасында ереже бойынша сюжеттік, сюжетсіз. Сюжетті ойындарға тұрмыс тақырыбына қатысты ойындар, өндірістік, құрылыс табиғи материалдағы ойындар, ойын – сауықтар жатады. Ойнаушылардың іс – әрекеті бір – бірімен ата-аналарын күнделікті өмірінде, балабақшадағы тәрбиелеудегі қатысуымен тығыз байланыста.

Мыс а лы: ба лабақшадағы оқу іс-әрекеттерінде-сабақта ойналатын ойындар, тәрбие жұмыстарында,балабақшада өтетін ойын – сауық, мерекелік ертеңгіліктерде отбасы мен балабақша ынтымақтастарын, ин телектуалдықтарын,белсендік іс-әрекеттерін көрсетіп балаларымен ойнауы тәрбиеленушіге көпшілік алдындағы ата-анасының үлгісінің маңызы зор. Сондықтан осы жерде айта кетерім – балабақша тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларда балаларыңыздың сезімі мен санасына әсер етіп,жігерлендіріп,балала рыңыздың алдарында белсенділікті көрсететін ата-аналардың қарасы көбейсе екен деймін.

Сюжетсіз ойындарда іс – әрекет сюжетті ойнатылуымен байланыспаған. Олар қимыл қозғалыс негізінде жүргізіледі. Сюжетсіз ойындар көп түрге бөлінеді, соның ішінде қуыспақ, жасырынбақ, ойындар. Олар сюжеттік ойынға жақын, тек бейне ұқсастығы жоқ, жарыс түрінде жеке және топтасып, командаға бөлініп («Кім жылдам?», «Бәйге», «Күміс алу») эстафеталық және заттармен ойналатын ойындары «Түйілген орамал», «Сақина» т.б.

Барлық ойындар балалардың қимыл – қозғалыс әрекетін өсіруге бағытталған. Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту үлкен жәрдем беретін музыкалы – ритмитикалық ойындар. Балалардың көп уақыт сабақ алады. Ойын ретінде оқытуда көптеген әртүрлі сипаттағы (лото, артық суретті тап,сыңарын тап, мозайка, т. б.) дидактикалық ойындарды ұйымдастырып, осыларды ойнай білуін қалыптастыру. Мысалы: «Өзің құрастыр», «Кілем дүкені», «Қоңырау қайда естіледі?» т. б балаларды заттың пішінін, ойлау қабілетін, логикалық ойларын жетілдіреді және геометриялық пішіндер мен оның түр – түсімен таныстырады. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Ойлан да, аяқта», «Не артық?», «Бұл қашан болады?», «Қарама қарсы сөздерді ата». Сонымен қатар саусақ ойындарын ойнатуға болады.

Ойын – оқыту, өсіру, денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиелейді. Ойын – оқу, еңбек іс-әрекетімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі екенін түсінеді. Балалардың ойынын австрия психологы З. Фрейд «өмірге бейімделу»деп анықтаған.

Сондықтан балаларыңызбен ойнаңыздар-ойын арқылы жанжақты дамыған, өмірге бейімделген балаларыңыз жеке тұлға болып өседі.

Другие новости