Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Акмолинская область

Аудандық «Үздік педагог-2019» байқауы өтті

Аудандық «Үздік педагог-2019» байқауы өтті

Аршалы ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары арасында «Үздік педагог-2019» аудандық байқауын өткізді.

Аудандық байқауда педагог мамандығының мəртебесін көтеру, аудан педагогтарының шығармашылық қызметін жандандыру, педагогикалық шеберлігі мен кəсіби тəжірибесі шыңдалған 14 ұстаз бақсынасып, өз тəжірибелерімен бөлісті. Барлық педагогт ар өздерінің шеберліктерін, жұмыс тəжірибе сін, шешендік қабілеттерін, əріптестерімен қарымқатынастағы тіл тап қыш мінездерін көрсетіп, шеберлік сабақтарын өт кізді.

Əдістемелік кабинет меңгерушісі Т.Мамбетов байқауға қатысушы ұстаздардың жұмыстарына тоқталып, кəсіподақ ұйымының төрайымы Г.Баймулдина қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыстады.

Байқаудың қорытындысы бойынша əділ қазылар алқасының шешімімен И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Кенжалы Əсет білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу жұмыстары

жəне педагогикалық қызметінің шығармашылық бағытталуы жоғары деңгейде бағаланып, Бурабайдағы демалыс шипажайына жолдама алып, «Бас жүлдені» жеңіп алды. Алдағы уақытта аудан намысын қорғайтын болады. Ал, І орынмен Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Саруар, ІІ орынмен Ижев орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Қасымова Соня иемденсе, ІІІ орынмен Константинов орта мектебінің дене тəрбиесі пəнінің мұғалімі Аймұқанов Асхат қанағат тұтты. Ж.Ташенов атындағы орта мектебінің бастауышсынып мұғалімі Мұхамедиярова Мақпал, Мартынов негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Сəулеш, Нововладимиров орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Дюсекеева Гүлайым, Хер  сонов негізігі мектебінің ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Тарасова Людмила, Волгодонов орта мектебінің биология пəнінің мұғалімі Хасаншина Светлана, Новоалександров орта мектебінің химия жəне биология пəнінің мұғалімі Николайчук Нина, Орталық орта мектебінің физика жəне информатика пəнінің мұғалімі Инкарова Ұлболсын, химия жəне биология пəнінің мұғалімі Бердібекова Сəуле, Анар орта мектебінің физика пəнінің мұғалімі Штумпф Виктор, Сарыоба орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Өней Алтынкүл шеберлігін танытқаны үшін дипломдармен марапатталды.

Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Қызығымен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Другие новости